Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
20.09.2017

Н. Нығматулин: Мәжілісте мақұлданған келісімдер Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтеді


Астана, 20 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Мәжіліс Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуді ықпал ететін  бірқатар жаңа заң жобаларын мақұлдады.

Депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы Үкіметаралық келісімдегі заңнамалық түзетулерді ратификациялауға арналған заң жобасын қолдады. 

Жаңа заң жобасы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық негіз жасау, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, іскерлік байланыстарды тереңдете түседі.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Қазақстан мен Норвегия арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау мақұлданды.

Мемлекеттер арасындағы халықаралық көлік қатынасының маңыздылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы Өзбекстан және Норвегиямен жасалған келісімдер еліміздің көліктік инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаһандық логистикалық жүйені қалыптастыруға бағытталғанын айтып өтті.

- Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру және Қазақстанның ең қуатты еуразиялық көліктік-логистикалық хабқа айналуы туралы жүктеген міндеттерін орындау үшін  өте маңызды – деді Палата Спикері. 

Отырыс барысында Мәжіліс жаңа жобаларын жұмысқа алып, ратификациялық заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі. 

Ол ілеспе түзетулерімен Салық кодексінің заң жобасы. 

Ратификацияланатын жаңа заң жобаларының қатарында: Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерту енгізу мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бар.

Отырыс соңында бірқатар халық қалаулылары депутаттық сауалдар жолдады. Олар И. Смирнова, Г. Баймаханова, А. Мурадов, Ә. Бектұрғанов, А. Тасболатова, Ж. Дүйсебаев, К. Мұсырман, Ш. Нурумов, М. Магеррамов, М. Қазбекова, Д. Еспаева, А. Перуашев.

  

(74-63-01, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі