Астана, 20 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 21 қыркүйекте, Мәжілісте Ұлттық экономика министрлігі депутаттарға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасымен таныстырады.
Кодекс жобасының таныстырылымы ілеспе түзетулерімен Қаржы және бюджет комитетінің отырысы аясында өтеді. Жұмыс тобына жетекшілік ететін Комитет хатшысы Татьяна Яковлева.
Отырыс сағат 15.00-де Мәжілістің Конференц-залында өткізіледі деп жоспарланып отыр.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі