Астана, 22 қыркүйек. Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылайды деп күтілуде.
Осы қатарда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қарастыруға ұсынылады.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі