Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
22.09.2017

Мәжілісте Ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралар туралы Үкімет сағаты өтеді


Астана, 22 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 25 қыркүйекте, Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру бойынша Ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралар туралы»   тақырыпта үкімет сағаты өтеді.

Баяндамашы: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі - Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов.

Үкімет сағаты Мәжілістің жалпы отырыс залында сағат 10.00-де басталады.

«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

 

(74-63-01, Э.Башеева, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі