Астана, 22 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламентте Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М. Әшімбаев пен Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльдің кездесуі өтті.
Сұхбаттасу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, екі ел басшыларының рөлі, Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің табысты өткізілуінің маңыздылығы мен оның ішінде неміс павильонының танымалдылығы туралы талқыланды.
М.Әшімбаев алда тұрған жоспарлар туралы айта келе, басқа бағыттармен қатар энергия үнемдеу саласына да тоқталды, ал өз кезегінде неміс дипломаты мысал ретінде қазақ және неміс техникалық университеттерінің ынтымақтастығына сілтеме жасай отырып, ғылымға қызығушылықтың артуына назар аударды.
Әңгіме барысы сондай-ақ, Қазақстандағы конституциялық реформа, Германиядағы алдағы уақытта өтетін парламенттік сайлау және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық мәселелері туралы өрбіді.
Екі ел өкілдерінің кездесуінде радикализм, лаңкестік пен қауіпсіздіктің алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Тараптар осы мәселелерді ілгерілетуде парламенттік қарым-қатынастың маңызды рөл атқаратына тоқталды.
Шара соңында екі жақ парламентаралық байланыстар одан әрі дамитынына сенім білдірілді.
(74-63-01, Эльмира Башеева, суретті түсірген Жасұлан Құспанов, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі