Астана, 25 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Сейсенбі, 26 қыркүйекте, Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Комиссияның отырысы болады.
Тақырыбы - «Депутаттардың өңірлердегі жазғы жұмыстарының қорытындысы бойынша инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы».
Отырыста Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр және «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің өкілдері баяндама жасайды деп күтілуде.
Аталған Комиссияның міндеті - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу.
Іс-шара 26 қыркүйекте сағат 15-00-те, А-313 каб. өтеді.
(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі