Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
25.09.2017

Мәжіліс Ішкі істер саласының өзекті мәселелерін назарға алып, Үкіметке ұсыным жолдады


Астана, 25 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкіметтік сағат өтіп, онда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндама жасады.

Шараны ашқан вице-спикер Владимир Божко екі жылдан бері жаңа Қылмыстық кодекстің қолданыста екенін, өткен жылы «Пробация туралы» Заң қабылдағанын атап өтті.

Осы ретте вице-спикер Мемлекет басшысының 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы пробация қызметінің жазбаларында тұрған түрмелерден босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын мақұлдап, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданып, онда Ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ басқа да органдар жұмыс істейтінін айтты.

Үкіметтік сағатта Ішкі істер министрі  Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру бойынша Ішкі істер министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралар туралы баяндама жасады. Министр халықаралық тәжірибені ескере отырып, елде қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары әзірленгенін атап өтті. Сонымен қоса, Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге және қоғамнан оқшауланумен байланысты емес қылмыстық жазаларды қолдану аясын кеңейтуге бағытталғанын және Жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстерін, «Пробация туралы» Заңды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдай отырып, Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазалауды қолдану саласын кеңейтуге жол салуда. Соңғы жылдары еліміздің «түрмедегі адамдар» саны елеулі түрде 2011 жылы 57 мыңнан бастап 2017 жылы 35,5 мың адамға азайды. Болашақта қылмыстық жазалау шаралары бойынша сотталғандардың теңгерімі өзгеруі тиіс. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар аз болады, ал пробация қызметі мен полиция бақылауындағылар саны елеулі түрде көбейеді деп көзделіп отыр.

Министрден кейін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Нұрлан Әбдіров қазіргі қылмыстық-атқару жүйесінің жағдайын талдай отырып, мемлекет сотталғандар үшін қажетті жағдайларды жасап отырғанын атап, Конституциялық құқықтарды қорғау және шартты-мерзімінен бұрын босату мәселелері үнемі бақылау үстінде. Қазіргі таңда қылмыстық-атқару саласындағы қызметтің толық жүзеге асуына жағдай жасау бұл саланың негізгі басымдығы болып табылады. Бұл процессте пробация институтында маңызды әлеуметтік рөл болу қажет, - деді. 

Жиналысты қорытындылай келе, вице-спикер Владимир Божко депутаттар мен үкіметтік сағатқа қатысушыларының ұсыныстары мен ескертулерін Үкіметтің, Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізетіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, «Үкімет сағаты» аясында Мәжілісте көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында пробация қызметтерінің қызметі, түрмеден босатылған және тағылымдама тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жүзеге асыратын ақпараттық стендтер, біріктірілген стратегия мен электрондық білезіктерді іске асыру туралы бейнероликтер көрсетілді.

 

(74-63-01, Эльмира Башеева, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Суретті түсірген Жасұлан Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі