Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
26.09.2017

Мәжіліс – Нұр Отан: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жай-күйі


                Астана, 26 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағытында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша Комиссиясының отырысы өтті.

                Басқосуды Мәжіліс депутаты, Комиссия төрағасы Берік Оспанов жүргізді.

                Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Роман Скляр  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы бойынша «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы баяндап берді.

Мемлекеттік бағдарламадағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 2020 жылға дейін келесі нәтижеге қол жеткізу көзделген:

-             жылу, сумен қамтамасыз ету, су тарту желілерінің тозуын 67%-дан 53%-ға дейін түсіру және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту;

-             мөлшерлі тариф қағидаттарын қолдану және мақсатты инвестициялық трансферттерді бюджеттік несиелермен және жеке капиталдармен алмастыру есебінен саланы коммерцияландыру процесін іске қосу;

-             саланы бірыңғай техникалық стандарттарға көшіру.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ бюджетке түсетін жүктемені азайту мақсатында бюджеттік несиелеу және субсидиялау механизмі қарастырылған.

Несиелеу және субсидиялау механизмі арқылы 2015-2017 жылдар аралығында 331 жоба бойынш 3208 шақырым жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін жаңғыртуға және 34 қазандық пен 16 су шаруашылық объектілері құрылысына 203 млрд. теңге бөлінді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2017 жылдарда 1 848 км шақырым жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру желілері және 21 қазандық пен 12 сорғы станциялары салынды.

2015 жылы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 29 табиғи монополия субъектісінен 60 млрд. теңгеге 92 жоба іріктеліп алынды, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету желісі бойынша – 65, жылу көздері бойынша – 14, сумен қамтамасыз ету желісі бойынша – 7 және су тарту желілері бойынша – 6.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 250 км инженерлік желі салынып, қайта жөндеуден өткізілді.

2016 жылы соммасы 86,9 млдр. теңгені құрайтын 119 жоба іріктелініп алынды.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде 1 733,7 км желіні салу және қайта жөндеуден өткізу жобаланып отыр, оның ішінде: жылу желілері – 107,3 км, сумен қамтамасыз ету желілері – 1 296,4 км, су бұру желілері – 330 км.

2017 жылғы 22 қыркүйектегі жай-күйі бойынша табиғи монополия субъектілері бөлінген қаражаттың 75,4 млрд. теңгесін немесе 87%-ын игерді.

Ағымдағы жылы бөлінген 42,3 млрд. Теңгеге 98 инвестициялық жоба іріктелініп алынды.

1190 км желіні салу және қайта жөндеуден өткізу жобалануда: оның ішінде жылу желілері бойынша – 63,3 км; сумен жабдықтау желісі бойынша – 1042,3 км және су бұру бойынша – 84,4 км.

2017 жылғы 22 қыркүйектегі жай-күйі бойынша табиғи монополия субъектілері аудырылған қаражаттың 16 млрд. теңгесін немесе 46%-ын игерді.

2016 жылы бюжеттік субсидиялау механизмі арқылы 12 жоба іріктелініп алынды (олардың 3 (үшеуі) 2017 жылы өз жалғасын табады), оларды қаражаттандырудың жалпы соммасы 2,54 млрд. теңгені құрады.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 19,1 км жері салынды және қайта жөндеуден өткізілді: оның ішінде жылу желілері бойынша – 7,17 км; сумен жабдықтау желісі су бұру бойынша – 11,9 км, 1 КОС кеңейту үшін жер қазу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы жобаларды субсидиялау бойынша 2 табиғи монополия субъектісі өтініш білдірді. Жұмыс тобымен 3,2 млрд. теңгеге жылумен жабдықтау бойынша 6 жоба мақұлданды. Үш өтпелі жобаны (1,2 млр. теңге) есепке алғанда 2017 жылға субсидия көлемі 4,4 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ХҚҰ арасындағы серіктестік туралы шеңберлі келісімді іске асыру бойынша Үйлестіру кеңесінде ЕҚДБ қатысуымен Қызылорда, Семей, Өскемен, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Қостанай, Алматы қалаларында жалпы сомасы 40,6 млрд. теңгені құрайтын жылумен, сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша жобалар мақұлданды. ҚР Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру үлесі – 14,2 млрд.теңгені құрайды.

2015 жылы 073 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Қызылорда облысында сумен жабдықтау және су тарту бойынша 2 жобаны іске асыруға 0,5 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылы Үйлестіру кеңесі Үкіметпен бірлесіп қаржыландыруы сомасы 5,7 млрд. теңгені құрайтын жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 7 жобаны таңдап алды.

2017 жылға 4 жобаны жалғастыру үшін, сондай-ақ 3 жаңа жобаны іске асыру үшін ұлттық қордан 3,3 млрд. теңге көлемінде мақсатты трансферттерді бөлу қарастырылған.

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесі бойынша 15 км жылумен қамтамасыз ету желісі, 85 км сумен жабдықтау және су тарту желісі салынады және қайта жөндеуден өткізіледі.

Осы орайда вице-министр, Үкімет Халықаралық қаржыландыру ұйымдарымен жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайды жасап отырғанын және жергілікті атқарушы органдарға несие қаражаттарын тартуда белсенді араласу қажеттілігі жайлы айтты. 

Баяндамадан кейін вице-министр депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Отырыста сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев сөз сөйледі.

Талқылау қорытындылары бойынша Комиссия тиісті ұсыныстарды қабылдады.

 

(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Фото – Сайлау Майлыбаев. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі