Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
27.09.2017

Мәжіліс Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасын жұмысқа қабылдады


Астана, 27 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімдерді ратификациялау туралы Заңдардың жобалары депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Ұстап беруге қатысты Заң жобасының ережелеріне сәйкес тараптар өздерінің аумағындағы, ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстары үшін екінші тараптың аумағында күдік келтірілетін, айыпталатын немесе сотталған кез келген адамды  қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау мақсаттарында ұстап беруге міндеттенеді.

Келісімнің мақсаттарында тараптар бір-бірімен тікелей осыған арналған орталық органдар арқылы не Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) арналары арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

Ал, сотталған адамдарды беру туралы Келісімнің мақсаты сотталған адамдардың қоғамға қайта араласуына жәрдемдесу үшін олардың жазаны өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеуі болып табылады.

Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа оның аумағында екінші Тараптың кез келген азаматына қатысты шығарылған, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін, соттың заңды күшіне енген үкімдері туралы дереу хабарлайтын болады.

 Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары осы отырыста бірқатар заң жобаларын жұмысқа алды. Олар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің жобасы оған ілеспе Заң жобасы, сонымен бірге Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы.

Отырыс соңында бірқатар халық қалаулылары депутаттық сауалдар жолдады. Олар Д.Еспаева, М.Қазбекова, М.Магеррамов, Т.Сыздықов, В.Олейник, Е.Никитинская, А.Перуашев.

                   

 

(74-63-01, Э.Башеева, Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты, суретті түсірген Ж. Құспанов).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі