Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
28.09.2017

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің 25 жылдығын мерекелеуге қатысты


Астана, 28 қыркүйек, Мәжіліс Үйі. Бүгін Өскеменде Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстандағы және іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

28-29 қыркүйекке жоспарланған іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық Достық үйінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылуда.

25 жылдың ішінде Достық үйі 100-ден астам этникалық өкілдер тұратын Шығыс-Қазақстан аймағындағы бірлік пен тұрақтылық,  этносаралық келісімнің сақталуына айтарлықтай үлес қосқан ірі қоғамдық бірлестіктердің біріне айналды.

Владимир Божко форум қатысушыларына арнаған сөзінде, Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі 1992 жылы Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын айтты.

Вице-спикер атап өткендей, 2016 жылғы 23 қарашада Парламент депутаттары бірауыздан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының Декларациясын қабылдады. Ол Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына және қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының берік ұстамдылығын дәлелдей түсті.

Конференциядан басқа іс-шаралар жоспары бойынша Мәжіліс депутаттары Владимир Божконың, Ирина Унжакованың және Роман Кимнің қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Достық үйлері директорларының жиынына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады.

 

 (Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты – 74- 63 -01 )


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі