Астана, 2 қазан, Мәжіліс үйі. Сейсенбі, 3 қазан, Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады.
Тақырып бойынша баяндамашы: Инвестиция және даму вице-министрі – Тимур Тоқтабаев.
Сондай-ақ, шараға саяси партиялар шақырылды.
Таныстырылым Мәжіліс үйінде, 3 қазанда, сағат 15.00-де екінші қабаттағы (А-235) конференц-залда өтеді.
Кодекс жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат Шавхат Өтемісов.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 746301)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі