Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
14.10.2017

Н. Нығматулин Түркия парламентінің төрағасымен кездесті


Астана, 14 қазан. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербордағы Парламентаралық Одақтың 137-ші ассамблеясына қатысу аясында екі жақты кездесулер өткізді.  
                Әңгімелесу барысында Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин мен Түркия Ұлы ұлттық жиналысының Спикері Исмаил Кахраман парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге назар аударды. Сонымен қатар заманауи жағдайлардағы парламенттік дипломатияның өзектілігін атап өтті.

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі