Астана, 16 қазан, Мәжіліс үйі. Сейсенбі, 17 қазан, Мәжілісте «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді.
Тақырыбы - «Әр үйдің жеке шаруа қожалығы - өндірістің өсуіне жол».
Ашылу салтанатында «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев, Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко сөз сөйлейді.
Баяндаманы Ауыл
шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов,
Мәжілістің Аграрлық
мәселелер
комитетінің мүшесі Айқын Қоңыров,
Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің экономика кафедрасының профессоры э.ғ.к. Ғалымжан
Мәдиев жүргізеді.
Палатаның түрлі салалық комитеттері мен парламенттік фракциялардың депутаттарымен қоса бірқатар министрліктер мен Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдіктері мен акционерлік қоғамдар, салалық институттар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысады деп жоспарлануда.
Кездесуге «Бірлік», «Ауыл», ЖСДП саяси партиялары шақырылды.
Фракция отырысы 17 қазанда Мәжіліс үйінің конференц-залында (екінші қабат) сағат 15.00-де өтеді.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты – 746303)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі