Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
18.10.2017

Н.Нығматулин: Бюджетті мақұлдау – ең жауапты, ең маңызды міндеттердің бірі


Астана. 18-қазан. Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, депутаттар «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады.

Парламент пен Үкіметтің өкілеттігі күшейтілген конституциялық реформа талаптарын негізге ала отырып әзірленген заң жобасы қызу талқыға түсті. Депутаттар әсіресе, межелі мақсаттардың соңғы нәтижесіне айрықша назар аударды. Өйткені, тиісті бағдарламалар мен жобаларға жеткілікті қаржы бөлінгенмен, оның тиісті деңгейде жүзеге асырылуы көптеген сұрақтардың тууына себеп болады. Халық қалаулылары осы бағытта бірқатар мәселелерді алға тартып, нақты ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді. Оның барлығы үш жылдық бюджетті мақұлдау барысында есепке алынды. Қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы:  

-Сонымен біз, еліміздің негізгі қаржы құжаты  - үш жылдық бюджетті мақұлдадық. Бұл еліміздің тұрақты дамуы жолында Парламенттің де,   Үкіметтің де атқарып келе жатқан ең жауапты, ең маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан, біз бірлесіп, Елбасымыздың тапсырмаларын басшылыққа алып, мемлекет қаржысын тиімді пайдалануымыз керек,-деді. 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі