Астана, 19 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаровтың жетекшілік етуімен «Агроөнеркәсіптік кешен: цифрландырудың ағымдағы жағдайы, кедергілер және перспективалары» тақырыбында көшпелі отырыс өтті.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қабырғасында өткен іс шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. Божко мен басқа да депутаттар, мүдделі орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың, үкіметтік емес ұйымдардың, Дүниежүзілік банктің өкілдері және отандық ғалымдар мен практиктер қатысты.
Көшпелі отырыс барысында депутаттар робототехника зертханасы мен ГИС-технологиялар орталығының жұмысы мен егіншілік дәрісханасына барып, университеттің ауылшаруашылығы саласындағы биотехнологиялар көрмесімен танысты. Сонымен қоса, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мен осы саладағы басқа да өзекті мәселелерді қарап, оның шешілу жолдарын талқылады.
(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі