Астана, 20 қазан, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 23 қазанда сағат 15.00-де Мәжілісте үкіметтік сағат өтеді.
Тақырыбы: «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту карталары – ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдірудің одан арғы шаралары».
Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.
Үкіметтік сағат шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі