Астана, 22 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкіметтік сағат өтті. Онда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов баяндама жасады.
Шараны ашқан вице-спикер Владимир Божко Президенттің Үкіметке қойған негізгі міндеттерінің бірі - Қазақстанды аграрлық жетекші державалардың біріне айналдыру қажеттілігіне және аграрлық сектордың маңыздылығына тоқталды. Осы орайда В. Божко Парламент депутаттарының бастамашылығымен бірқатар заң жобалары әзірленіп, қабылданғанын атап өтті.
Отырыс барысында А. Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамыту карталары – ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жетілдірудің одан арғы шаралары туралы айтты.
Үкіметтік сағатта одан әрі Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров баяндама жасады. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты агроөнеркәсіптік бағдарламаларды қабылдаған кезде бөлінген субсидиялар, гранттар әрдайым бастапқыда қойылған мақсаттарға жете бермейтініне тоқтап, осы мәселелер бойынша Мәжіліс депутаттарының тұрғындармен кездесулерінде жиі көтерілетінін айтты.
Жиналысты қорытындылай келе, вице-спикер Владимир Божко депутаттар мен үкіметтік сағатқа қатысушыларының ұсыныстары мен ескертулерін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар назарға алатынын жеткізді.
Сондай-ақ, «Үкімет сағаты» аясында Мәжілісте көрме ұйымдастырылды. Көрме аясында ауылшаруашылығы саласы туралы бейнероликтер көрсетілді.
(74-63-01, Мәжілістің баспасөз қызметі, суретті түсірген С. Майлыбаев).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі