Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
25.10.2017

Н.Нығматулин тұтынушылардың құқықтарын қорғады


Астана 25 қазан, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жобасын әзірлеушілердің тұтынушыларды қайталап алдағаны үшін айыппұлды төмендету, сондай-ақ, тауарларды құжатсыз сатуға қатысты түзетулеріне таңданысын білдірді.

Мәжілістің жалпы отырысында Н. Нығматулин Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің бірінші оқылымында депутаттарға азаматтардан тауарлар мен қызметтердің сапасына байланысты алданғандығы туралы кездесу барысында да, сондай-ақ, пошта арқылы да көптеген шағымдар келіп түсетінін атап өтті.

-   Айыппұл мөлшерін төмендетуге байланысты Заң жобасын әзірлеуші Әділет министрлігі және осы бап бойынша әкімшілік істі жүргізетін орган Ішкі істер министрлігі нені басшылыққа алды? Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға жауапты Ұлттық экономика министрлігі бұл ұстаныммен қалай келіскен? – деп, Мәжіліс Төрағасы жобаны әзірлеушілерге сұрақ қойды.

Осыған орай, Н. Нығматулин жұмыс тобына тиісті министрлік өкілдерімен бірге заң жобасындағы аталған баптарды пысықтау кезінде дұрыс реттеу қажеттілігіне тоқталды.

                - Ізгілендіру - жақсы іс, бірақ біздің азаматтарымыздың есебінен мейірімді болуға болмайды, - деді Мәжіліс Төрағасы.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі