Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
26.10.2017

Мәжілісте Сергей Дьяченконы еске алды


                Астана, 26 қазан. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты Сергей Дьяченконы  еске алуға арналған жиында «Отан мен халыққа арналған ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

                Жинаққа Сергей Дьяченко туралы елімізге белгілі достарының, әріптестерінің көрнекті тұлға туралы естеліктері, арнаулары, жүрек-жарды лебіздері мен ой-толғамдары жазылған.

                Іс-шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, жақындары мен туыстары қатысты.

Сергей Дьяченконың еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына қосқан үлесі туралы естеліктер айтылды.

                 

***

                Дьяченко Сергей Александрович (18.09.1952 ж - 26.10.2016 ж.) - Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері.

                Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сенімді серіктесі болып, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына белсенді атсалысқан.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің II, III, IV, V және VI шақырылым депутаты.  Парламент Мәжілісінің III-V шақырылымындағы Төрағаның орынбасары қызметтерін атқарған. Саяси ғылымдардың докторы. 100-ден аса ғылыми жұмыстардың, кітаптардың, оқу құралдарының және анықтамалықтардың авторы.

 «Парасат», 1-деңгейлі «Достық» ордендерімен, «Құрмет белгісі»,  

ТМД-ның «Достастық» орденімен, ондаған төсбелгілермен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. 

Ұлттық пантеонда жерленген.

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж.Құспанов)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі