Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
26.10.2017

Мәжілісте жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мәселелер талқыланады


Астана, 26 қазан, Мәжіліс үйі. Жұма 27 қазанда, Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық режимі» мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Отырыс барысында пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы қатынастарды реттеудің жаңа әдістері мен тетіктерін, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту және жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелері жан-жақты қарастырылатын болады.  

Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму, Энергетика, Ұлттық экономика, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Әділет министрліктері мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Kazenergy»,  Өндірістік геологиялық ұйымдар, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары, Еуразиялық өндірістік қауымдастықтар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыста Инвестициялар және даму вице-министрі Т.С.Тоқтабаев, Қаржы министрлігінің Мамандандырылған басқармасының басшысы Ш.С. Құдабаев және Парламент Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Г.А.Баймаханова аталған тақырып бойынша баяндама жасайды.

Отырыс Мәжілістің конференц-залында сағат 11:30 басталады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі