Астана, 27 қазан, Мәжіліс Үйі. 30 қазан, дүйсенбіде, Қазақстан Парламент Мәжілісі мен Ресей Федерациясының Федералды Жиналысы Мемлекеттiк Думасы комитеттерінің кездесуі өтеді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай өткізілетін шараға Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитеті мен Мемлекеттік Думаның ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің мүшелері қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстандық және ресейлік парламентшілер екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму келешегі, шекаралық ынтымақтастық, сонымен бірге ЕАЭО Кеден кодексінің маңызды мәселелерін қарайды.
Бұдан басқа, талқылауда халықаралық саясаттағы маңызды тақырыптар - Астана үрдісі мен Сириядағы жағдай, Ауғанстандағы ахуал, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелері де қарастырылады.
Кездесу «Марриот» қонақ үйінде сағат 10:00 басталады. (2-қабат, конференц-зал)
БАҚ өкілдерін 74-63-05, 74-68-44 телефондары арқылы, smimazh@parlam.kz эл.поштасы бойынша тіркеуден өтулерін сұраймыз.
(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі