Астана, 27 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Нұрлан Әбдіровтың төрағалық етуімен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасы ілеспе түзетулерімен депутаттарға таныстырылды.
Жаңа Заң жобасы туралы Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағанбетов баяндады.
Жалпы жоба Қазақстан Республикасының 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңесінің отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында, сонымен қатар соңғы жылдарда заң көмегін көрсету саласындағы кешенді құқықтық реттеудің болмауы себебінен әзірленген. Жобаны әзірлеушілердің сөзінше:
- Заң жобасы Қолданыстағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 15 бұрын қабылданған және қазіргі кездегі жағдайын есепке ала сапалы өзгерістерге ұшырамаған. Ол осы саладағы әлемдік тәжірибені есепке алмаған. Нәтижесінде құқықтық көмек саласында көптеген проблемалар туындады. Олар заң маманы өкілдерінің көрсететін заң көмегі сапасының жеткіліксіздігі; азаматтарды теріс пиғылды адвокаттар және заң консультанттарының әрекеттерінен қорғау механизмінің болмауы; білімдердің тез ескіруі және біліктілікті арттырудың қажеттілігі; адвокаттардың жеткіліксіздігі мен адвокаттық алқалар қызметінің ашық және айқын еместігі, сонымен қатар адвокаттық алқа төрағаларының ауысымдылық механизмінің болмауы салдарынан бәсекелестіктің болмауынан, - деді министрдің орынбасары.
Адвокаттық қызмет және заң көмегі саласының қызметін жетілдіруге орталық мемлекеттік органдардың, парламенттік емес партиялардың, үкіметтік емес және оқу ұйымдарының өкілдері қатысты. Ал депутаттар жобаны әзірлеушілерге бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін айтты.
Енді жаңа адвокаттық қызмет және заң көмегі жобасы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин жетекшілік ететін жұмыс тобында қаралатын болады.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты, суретті түсірген А. Дүйсенбаев,).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі