Астана, 5 желтоқсан, Мәжіліс Үйі. Ертең, 6 желтоқсанда Мәжілісте «Ішкі туризмнің жай-күйі: проблемалары мен келешегі туралы» аты тақырыпта отырыс өтеді.
Бірлескен отырысты Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесі және Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырып отыр.
Талқылауға Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің, Астана қаласы әкімшілігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және тағы да басқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Іс-шара Мәжіліс Үйінде 6 желтоқсан күні, сағат 15-00-де, конференц-залда (А-235) өтеді.
(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі