Мәжілісте Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері туралы Заң жобасы таныстырылады
Астана, 6 желтоқтан, Мәжіліс үйі. Бейсенбі 7 желтоқсанда, Ауыл шаруашылық министрлігі депутаттарға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынады.
Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық түзетулері карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес тәсілдерін өзгертуге бағытталған. Сондай-ақ, астық қабылдау кәсіпорындары және балық шаруашылығы саласындағы мәселелер де қамтылатын болады.
Таныстырылым Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті шеңберінде қарастырылып, жұмыс тобына осы комитеттің мүшесі Мұрат Теміржанов жетекшілік етеді.
Таныстырылым сағат 10:00-де Мәжілістің конференц-залында басталады.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі