Астана, 7 желтоқсан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліске Өкілдер палатасы бейіндік Комитетінің төрағасы Антон Сихомбинг бастаған Индонезия Республикасының парламенттік делегациясы келді.
Меймандармен Мәжіліс депутаттары Аманжан Жамалов, «Қазақстан-Индонезия» парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Қожахан Жабағиев және Сергей Симонов кездесті.
Кездесуге Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рахмат Прамоно қатысты.
Парламентті қаржылай қамтамасыз ету, бюджетті қалыптастыру, экономика салаларын қаржыландыру принциптері сияқты мәселелер бойынша парламентаралық ынтымақтастық және Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті қызметінің ерекшелігі әңгіменің басты тақырыбына айналды.
Екі елді стратегиялық әріптес ретінде сипаттай келе тараптар парламентаралық ынтымақтастық арқылы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға шақырды.
(Мөлдір Мұса, 74-63-04. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты. Суретті түсірген – Жаслан Құспанов.)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі