Астана, 25 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Сейсенбі, 26 желтоқсанда, Мәжілісте «Киноматография туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады (сағат 14-30, конференц-зал).
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы шеңберінде ұйымдастырылатын іс-шарада Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Ақтоты Райымқұлова заңнамадағы жаңалықтар туралы баяндайтын болады.
Жұмыс тобының жетекшісі – комитет хатшысы Бейбіт Мамраев.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі