Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
29.12.2017

Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге барады


 

                Астана, 29 желтоқсан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары 2018 жылдың 3-12 қаңтар аралығында сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге барады.

Онда халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, азаматтардың қабылдауын өткізеді, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады.

Кездесу барысында депутаттар азаматтарға заңшығарушылық қызмет пен «Рухани жаңғару», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етеді.

Сәрсенбі, 3 қаңтарда, Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Мәулен Әшімбаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Гүлжан Қарағұсова, Михаил Чирков пен Татьяна Яковлеваның «Тұлпар Тальго» вагон құрылысы зауытының қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған (12-00, А, 184-көше).

Осы күні елордалық кәсіпкерлермен Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев кездесу өткізеді (11-00, Сарайшык көшесі, 11, «Ак жол» ҚДП кеңсесі).

Айта кету керек, үш парламенттік партиялар мен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары тек облыс және аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарда, елді-мекендер мен шалғай ауылдарда да өтуі жоспарланған.

 

 

(Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты, 74-63-05.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі