Астана, 16 наурыз, Мәжіліс Үйі. 16-19 наурызда Мәжілістің бір топ депутаттары Ресей Федерациясы Президентінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша іс-шараларына байқаушы ретінде қатысады.
Осы күндері Мәскеу қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы құрамында Мұхтар Ерман жұмыс істеуде. Іс-сапар барысында депутаттың Мемлекеттік Думаның және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің басшылық өкілімен, Мәскеу қалалық сайлау комиссиясының төрағасы В.П.Горбуновпен, Ресей Федерациясының Президенті лауазымына кандидаттар сайлау штабының өкілдерімен кездесуі мен сайлау учаскелеріне баруы жоспарланған.
Сондай-ақ сайлау барысын бақылайтын халықаралық байқаушылардың құрамында Мәжіліс депутаттары Арман Қожахметов пен Ахмет Мурадов қазіргі уақытта Мәскеу қаласында.
Ал депутат Павел Казанцев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясынан байқаушылар миссиясында Санкт-Петербор қаласында. Парламент депутатының іс-сапары аясында Ленинград облысы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы М.М. Лебединскиймен, Ресей Федерациясы Президентінің лауазымына кандидаттар сайлау штабының өкілдерімен кездесуі және сайлау учаскелеріне бару қарастырылған.
Санкт-Петерборда Мәжіліс депутаты Ирина Аронова да сайлау барысын бақылайтын халықаралық байқаушылар құрамында жұмыс істеуде. Ол Санкт-Петербор сайлау комиссиясының төрағасы В.Н.Панкевичпен, Ресей Федерациясы Президентінің лауазымына кандидаттар сайлау штабының өкілдерімен кездесіп, сайлау учаскелеріне барады деп күтілуде.
Орынбор қаласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясына Мәжіліс депутаты Глеб Щегельский енген.
Омбыда наурыздың 17-19 аралығында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы құрамында Мәжіліс депутаты Василий Олейник жұмыс істейді.
(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі