Астана, 16 наурыз, Мәжіліс Үйі. Дүйсенбі, 19 наурыз күні Мәжілісте «үкімет сағаты» болады.
Тақырыбы - «Білім беру саласындағы цифрландыру».
Баяндамашы - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.
Отырыс, дүйсенбі күні, 19 наурызда сағат 10-00-де Мәжілістің жалпы отырыс залында өтеді, үшінші қабат.
(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі