Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
19.03.2018

Мәжілісте білім саласын цифрландыру жайы талқыланды


Астана, 19 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Білім саласындағы цифрландыру» тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

 Шараға төрағалық еткен вице-спикер Гүлмира Исимбаева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамды цифрландыру процесін ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың аса маңызды тетігі ретінде айқындағанын алға тарта келіп, білім беру жүйесін цифрландыру әрбір қазақстандық үшін тиімді білім беру орта қалыптастыруға бағытталуы керектігін атап өтті.

Одан әрі білім беру жүйесін цифрландыруға кедергі болып отырған бірқатар проблемаларды атады. Вице-спикердің пікірінше, олар,  білім беру ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдардың басқа да жүйелерімен интеграциялаудағы жұмыстың төмендігі, білім беру ұйымдарының жеткіліксіз жарақтандырылуы (компьютерлік техника, мультимедиалық жабдық), мектептерде, интернет желісіне қосылу жылдамдығының төмендігі, білім беру жүйесін цифрландыруды қолдау бойынша бірыңғай оператордың жоқтығы, ақпараттық-коммуникациялық технология инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін бірыңғай техникалық талаптардың болмауы,  сондай-ақ бұл салада  кәсіби құзыреттілік деңгейінің төмендігі.

                Сонымен бірге, Г. Исимбаева жас буынның шығармашылық қабілеттерін және сыни ойлауын дамыту мақсатында бағдарламалаудың дағдыларын қалыптастыру үшін бағдарламалаудың негіздері бойынша халықаралық тәжірибелерді зерттеу қажеттігін ескертті. Және бұл бағыт бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнын үнемі жаңалап отыру қажет. Цифрландырудағы негізгі  мақсаттар - бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, кез келген процесті, қазіргі жағдайда, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту, ең бастысы - білім беру сапасын арттыру, жақсарту болып табылады.

-Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсеке қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу  құралы». Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді. Тағы бір мәселе бұл – балалардың денсаулық жағдайына жаңа технологиялардың әсерлері. Балалардың техникамен жұмыс істеуі үшін рұқсат етілген, қатаң тексерілген санитариялық-гигиеналық нормалар болуға тиіс.

Қандай да болмасын технологияны еңгізу алдында, оны білім сапасына тиімділігімен, бала денсаулығына әсерімен өлшену  қажет,-деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары.    

Тақырып бойынша баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрлік білім мен ғылымды цифрландыруды дамыту бойынша  орта білім жүйесінде ақпарат-тандыруды дамыту, білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру және IТ-мамандарды даярлау бағытында жұмыс атқарып жатқанын жеткізіп, әрбір бағыт бойынша нақты мәліметтерге тоқталды.

Қосымша баяндаманы Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы  Гүлнар Иксанова жасады.

Отырыс барысында депутаттар көптеген өзекті сұрақтарды алға тартып Үкіметтік сағаттың нәтижелері бойынша арнайы Ұсынымдар қабылданды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі