Астана, 26 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкімет сағаты өтіп, онда Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Жекешелендіруді жүргізу барысы туралы» баяндама жасады.
Шараны ашқан вице-спикер В. Божко ел экономикасының бірқатар салаларын дамыту мен азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын тиімді шешудің мәселесін қарастырып, жекешелендіру процесін жеделдетуге заңнамалық қолдау көрсету мақсатында Парламентте заңнамалық деңгейде 2015 жылғы желтоқсанда мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң қабылданғанын айтып өтті.
Отырыста баяндамашы Тимур Сүлейменов бәсекелестікті және жеке бизнесті дамыту, ел экономикасының салаларын жаңғырту және дамыту үшін инвесторларды тарту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында мемлекеттің экономикадағы үлесін ауқымды жекешелендіру жүргізу арқылы ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін, яғни ЖІӨ-нің 15%-на дейін қысқарту міндетін қойғанына тоқталып, тиімді әрі жария жекешелендіру жүргізу мақсатында қабылданған біршама нақты шараларды атап өтті.
Отырыс барысында қосымша
баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жекешелендіру
жоспарын орындаудың оң нәтижелеріне қарамастан,
нақты шаралар қабылдауды қажет ететін бірқатар мәселелер
бар екеніне тоқталды. «Бірінші. Жекешелендіру объектілеріне кезінде
салынған қаражаттың күтілетін қайтарылымы
бойынша.Бұл орайда, ең алдымен, жекешелендіру объектілерін
бағалауды жүзеге асыру мәселесі туындайды. Мәселен,
баланстық құны жоғары және мемлекеттік
қаражат есебінен қалыптастырылған қомақты
жарғылық капиталы бар жекешелендіру объектілері
жарғылық капиталы мен баланстық құнынан
әлдеқайда төмен бағаланған. Екінші.
Бағалау құнының төмен болуына байланысты
жағдай объектілерді бірінші саудадан емес, бастапқы бағасын
50 %-ға дейін төмендете отырып, екінші немесе үшінші сатумен
қиындай түседі.Уәкілетті органның мәліметіне
сәйкес сатылған 269 объектінің: 20-сы – бірінші, 19-ы –
екінші, 61-і – үшінші саудадан сатылған. Үшінші. Ұзақ
мерзімді инвестициялау объектілерін сату да ерекше назар аударуды қажет
етеді. Мысалы, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» акционерлік
қоғамын соңғы жылдары мемлекет шамамен 137 млрд.
теңгеге инвестициялады. Көрсетілген бюджет қаражаты 4 ірі
жобаны іске асыруға бағытталды, олардың 2-уі әлі
аяқталған жоқ, қалған 2-уі – 2014-2015 жылдарда
ғана іске қосылған болатын. Қаржы-экономикалық
негіздемеге сәйкес аталған жобалардың орташа өтелуі 10
жылды құрайды, демек, мемлекеттік инвестициялардан қайтарым
болашақтың еншісінде. Төртінші. Жекешелендірудің
қолданыстағы бағдарламасында кейбір жекешелендіру
объектілерінің әлеуметтік бағыттылығы ескерілуге тиіс.
Бесінші. Бұл Жекешелендірудің кешенді жоспарына кіретін ірі
жекешелендіру объектілерін өткізу қарқынының
төмен болу мәселесі. Бүгінгі таңда ТОП-65 тізбесіндегі
65 ұйымның тек 14-і ғана сатылды.
«Самұрық-Қазына» Қорының 7 ірі компаниясын
2020 жылдың соңына дейін IPO/SPO-ға шығару жоспарланып
отыр және олардың сатылуына алдын ала мұқият дайындалу
керек. Алтыншы. Таратылған, қайта ұйымдастырылған,
тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысындағы жекешелендіру
объектілеріне қатысты. Жетінші. Бүгінгі күні мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру арқылы оларды қысқартумен
бірге, мемлекеттік меншіктегі жаңа кәсіпорындар пайда болуда.
Мәселен, 2016-2017 жылдары 64 мемлекеттік кәсіпорын пайда
болған» - деді, депутат Н. Сабильянов.
Сонымен қатар үкіметтік отырыс барысында қоғамдағы жекешелендіруді жүргізу барысы туралы Зәуреш Аманжолова, Павел Казанцев және тағы басқа да Мәжіліс депутаттары өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Отырысты Вице-спикер В. Божко қорытындылап, Үкімет сағаты бойынша депутаттар тиісті Ұсынымдар қабылдады.
(74-63-01, суретті түсірген Жаслан Құспанов, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі