Астана. 28-наурыз. Мәжіліс үйі. Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Н. Нығматулин «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы талқылау барысында адвокаттардың тәртіптік кеңесіне қатысты мәселеге айрықша назар аударды. Қаралып отырған заң жобасында тәртіптік комиссияның құрамына алты адвокат, уәкілетті органның үш өкілі және отставкадағы судья кіреді делінген.
Алайда Мәжіліс Төрағасы мәселенің өзектілігін алға тарта келіп: -адвокаттык тәртіптік комиссияда министрлік өкілдерінің болғаны міндетті емес, тіпті қажеті де жоқ. Қайта сол шенеуніктердің орнында қоғамдық ұйым өкілдері болса, жұмыс ашық та болады, нәтижесі де жақсы болады,-дей келіп, екінші оқылымда ескеру қажеттігін ұсынды.
Айта кетейік, заң жобасы адвокаттық қызмет пен заң көмегін көрсету жүйесін кешенді түрде жетілдіруге бағытталып отыр.
(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі