Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
28.03.2018

Н. Нығматулин: Негізгі мақсатымыз – Елбасының бес әлеуметтік бастамасын әрбір азаматқа жеткізу


Астана. 28-наурыз. Мәжіліс үйі. Мәжілістің жалпы отырысы соңында Палата Төрағасы Н. Нығматулин депутаттардың бүгіннен бастап аймақтарға шығатынын хабарлады.

Мәжіліс Бюросының шешіміне сәйкес, наурыз айының 28- мен 6-сы аралығында депутаттар өңірлерді аралап, облыс орталықтарында, аудандарда, қалаларда, шалғай ауылдарда болып, халықпен жүздесетін болады. Осы орайда Мәжіліс Төрағасы:

-ең негізгі мақсатымыз – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әрбір отбасына жеткізу.

                Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды да жан-жақты түсіндіру,-деді.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі