Астана, 29 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын сайлаушыларға жеткізу үшін Парламент Мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Астана қаласының әскери қызметшілермен кездесті.
Кездесу барысында Елбасының әлеуметтік бастамалары мен «100-нақты қадам» Ұлт жоспарының, Бес институционалдық реформаның және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысына тоқталды. Сонымен қоса, Қорғаныс және әскери салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.
Елбасымыздың әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын арттыруға, олардың толық тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үйге бөлінген бюджет қаражатын дұрыс бағытқа жоспарлануына мән берді.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Астана қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынған жабық спорт кешендері көп екенін атап өтіп, онда денсаулығын нығайтып жүрген азаматтарымыздың аз екенін айтты. Осы ретте, халықтың жаппай дене шынықтыруымен айналысуына спорт кешендері басшыларының осы мәселені ескеру керектігін еске салды.
Кездесуге Астана қаласы әскери қызметкерлер, қоғамдық және мемлекеттік емес, жастар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен жетекшілері қатысты.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі