Астана, 29 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Василий Олейник Қарағанды облысының Абай қаласындағы «Волынка» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Іс-шарада Президенттің бес әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бастамалары талқыланды. Іс-шарада жұмысшылар Мемлекет басшысының бағдарламаларын жүзеге асырудың егжей-тегжейіне қызығушылық білдірді.
Зауыт қызметкерлері жуық арада кәсіпорын шұжық және ет тағамдарының 110-нан астам атауын өндіретінін айтты. Қазіргі уақытта өнімдер Қарағанды облысы мен ел аумағында сатылуда. Болашақта отандық зауыт сыртқы нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
Азық-түлік зауытының қызметкерлері Президенттің әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіріп, кездесуге «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудан мен кәсіпоры басшылары қатысты.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты. «Нұр Отан» партиясының Баспасөз қызметінің материалдары бойынша).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі