Астана, 29 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары елорданың кәсіпорындарында және құрылыс алаңдарында кездесу өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы - Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру.
Мәжіліс депутаттары Сапар Ахметов, Анар Жаилғанова және Ахмет Мурадов елордадағы шыны пакеты компания қызметкерлерімен өндірістік цехтарда кездесті.
«Елорда Даму» ЖШС құрылыс алаңында мәжіліс депутаттары Гүлжан Қарағұсова мен Татьяна Яковлева жұмысшыларымен сұхбаттасты.
Талқылау барысында жұмысшылар Президенттің халыққа ұсынған қадамдарының дер кезінде жасалғанын және нақты екендігін атап өтті.
Кездесу барысында депутаттар атап өткендей Президенттік басымдықтар әр түрлі салаларда экономикаға жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының материалдары бойынша).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі