Астана, 29 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутатары Бейбіт Мамраев пен Кәрібай Мұсырман Қарағанды облысының Шет ауданының Ақжал кентіндегі «Nova-Цинк» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Шет аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бейсентай Ильясов, Шет аудан әкімінің орынбасары Азамат Әбілдин, бастауыш партия ұйымының төрағасы Медет Молыбаев, «Nova-Цинк» ЖШС-нің бас директоры Сүйіндік Асан қатысты.
Мәжіліс депутаттары ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндірді.
«Депутаттық корпус аймақтарға шығып, сайлаушылармен кездесу өткізіп жатыр. Басты мақсатымыз - Президенттің бес әлеуметтік бастамасын насихаттап, жаңа мүмкіндіктірді ауыл халқымен бірлесіп талқылау», - деді Бейбіт Мамраев.
Кәрібай Мұсырман Қарағанды облысына тартылатын газ құбыры Елбасының бес бастамасы аясында ауқымды жеңілдік əкелетінін баяндады.
(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының материалдары бойынша).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі