Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
30.03.2018

Мәжіліс депутаттары, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшелері бес әлеуметтік басымдықты талқылады


Астана, 30 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін «Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесінің Алқалық жиналысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасы талқыланды. Отырысқа  Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев және Берік Дүйсембинов қатысты.

Кездесу барысында депутаттар Мәжілістің заң шығару қызметі жөнінде толығырақ айтып, Демократиялық партияның парламенттік фракциясының жұмысы жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Өз сөзінде «Ақ Жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Президент бастамаларының өзектілігі мен дер кезінде қолға алынғанын атап өтті.

«Партия азаматтардың тұрғын үймен, жатақханамен, ипотека қол жетімділігімен қамтамасыз ету мәселелерін ұдайы түрде үнемі көтеріп келеді. Сондықтан да біз Елбасының бес әлеуметтік бастамасын зор ризашылықпен қабылдап, оны белсенді түрде жүзеге асыруға әрдайым дайынбыз. Жаңадан жатақханалардың салынуы және қолжетімді ипотека мыңдаған қазақстандықтардың тұрғын-үй мәселесін түбегейлі шешеді деп есептейміз», - деп атап өтті Партия төрағасы. Бұл елдегі құрылыс саласының, құрылыс материалдарын шығару өндірісінің дамуына айтулы үлес қосып, зор мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов тағы бір бастаманың маңыздылығын атап көрсетті. Ол – бизнесті несилендіруді дамыту.

«Шағын несиені арттыру кәсіпкерліктің дамуына ықпал етпек», - дейді депутат.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметінің материалдары бойынша, 74-63-01).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі