Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
30.03.2018

Мәжіліс депутаттары Ақмол, Ақкөл ауылдарында шағын және орта бизнес пен әлеуметтік қолдауды түсіндірді


Астана, 30 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс депутаттары Әлия Сапарова, Сергей Симонов, Павел Казанцев, Снежанна Имашева мен Михаил Чирков Ақмола облысының Ақкөл және Целиноград аудандарын аралап, сайлаушыларымен кездесті.

Кездесу барысында Әлия Сапарова мен Сергей Симонов Целиноград ауданында орналасқан «Шаңырақ»  акционерлік қоғамының өндіріс орындарымен танысты. «Шаңырақ» компаниялар тобына құс етін өндіретін және егін шаруашылығымен айналысатын өндіріс орындары кіреді.  Құс фабрикасында бүгінгі таңда еуропалық үлгдегі жаңа құрылғы қойылған.  Мекемеде 600-ден астам адам еңбек етуде. Еңбек ұжымымен кездескен депутаттар Елбасының 5 әлеуметтік жобасының әр біреуіне нақты тоқталып, шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән берді. «Біздің мақсатымыз әр сайлаушыға әлеуметтік маңызы зор бастамаларды түсіндіру болып табылады»,- деді өз сөзінде Парламент депутаты Әлия Сапарова.

Халық қалаулылары Михаил Чирков, Павел Казанцев және Снежанна Имашева Ақкөл ауданының орталық аудандық аурханасында болып, аурухана жұмысымен танысып, медицина  қызметкерлерімен кездесті.

Заманауи құрылғылармен жабдықталған аурухана аудан бойынша 26 мыңнан астам адамға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Орталық ауруханада 200-ден астам медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда.

Халық қалаулылары аурухана жұмысына оң бағасын беріп, еңбектеріне табыс тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының материалы бойынша, 74-63-01).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі