Астана, 2 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін депутаттардың өңірлердегі сапары аясында Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдраxманов Ақмола облысының Аршалы ауданында сайлаушылармен жүздесті. Аудандық әкімдіктегі актив жиналысындағы сөзінің кіріспесін "Біздің Ата Заңымыздың 1-бабы "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" деп басталады" деген оймен өрбіткен xалық қалаулысы Президент Н.Ә.Назарбаевтың бес бастамасы әлеуметтік мемлекеттің әлеуетін әлемге әйгілеген, елімізде бәрі де адам игілігіне жасалатынын келісті көрсеткен шешім болып шыққанын нақты дәлелдеп айтты.
Елбасы бастамаларының мән-маңызын жан-жақты ашқан депутат олардың іс жүзіне асырылуының тетіктері жөнінде де әсерлі әңгімелеп, жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді. С.Абдраxманов қоғамдағы саяси тұрақтылықтың тірегі әлеуметтік әділеттілік болуға тиіс екеніне тиісінше назар аударды. Кездесуде жастар тәрбиесін жақсартудың жайына, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, латын жазуына көшуге қатысты сұрақтар да қойылып, тиісті мәліметтер берілді.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі