Астана, 3 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері Н.Дулатбеков, М.Махамбетов, С.Қаныбеков Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Кентау қаласында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары «Юг-Электропривод» ЖШС жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына ұсынған 5 әлеуметтік жобасын түсіндірді.
- «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін оқып отырып, әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру туралы бірінші бастамасы қызықтырды. Алайда, менде бірқатар сұрақ туындаған. Бүгін депутаттар бәрін түсіндірді. Менің ойымша осы бастама арқылы жастарға баспаналы болудың үлкен мүмкіндігі бар, - деді Кентау трансформатор зауытының инженер – конструкторы Ерсұлтан Абдуахитов.
(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі. «Нұр Отан» партиясының ОҚО облыстық филиалының ақпараты бойынша).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі