Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Ольга Шишигина мен Сәкен Өтебаев Алматы облысының Талғар қаласындағы спорт-сауықтыру нысаны құрылысының жұмысымен танысты. Мәжіліс депутаттары спортшылардың тәуліктік тамақтану көлемін ұлғайту мәселесін назарға алып, жас спортшыларға демеу көрсету қажеттілігін көтерді.
«Біз Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіріп, халықтың ұсыныстарын тыңдауға келдік. Халық жаңа бастаманың маңызды екенін, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге арналғанын түсінді. Бүгінгі кездесуде Талғар қаласындағы спорт-сауықтыру мекемесінің мәселесі қозғалды. Қауырт жұмыстар атқарылып жатқанына куә болдық. Айта кетерлігі, нысан аумағында спортшыларға қосымша 60 орындық жатақхана салу мәселесі көтерілген екен. Бұл да аса қажеттіліктен туындаған шешім деп санаймын. Спортшылардың тәуліктік тамақтану мөлшерін 2 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру мәселесі де қарастырылды»,- деді О.Шишигина.
Кездесу барысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы кең түсіндірілді. Талғарлықтар салықтық жеңілдіктер мен пәтер алу жайында, білім гранттарын бөлу мәселесі турасында да көп сұрақтар қойды.
Өз кезегінде депутат Сәкен Өтебаев мектептердің аудандарда салынып жатқандығына, оқушылар үшін барлық жағдайлар қарастырылғанына қуанышты екенін жеткізді.
Бұдан басқа, депутаттар спорттық нысан құрылысынан бөлек, Белбұлақ ауылының мектеп ұжымымен, Нұра ауылындағы сүт-тауарлы ферма жұмысымен де танысып қайтты.
(Мәжілістің Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі