Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
04.04.2018

Депутаттар Меркідегі шаруа қожалықтарына барды


Астана, 4 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Меркі ауданындағы бірқатар өндіріс ошақтарында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Сапар барысында депутаттар Әбдіманап Бектұрғанов пен Байділда Жылқышиев аталған аудандағы  «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС-нің Меркі бөлімшесіне барды. Онда серіктестік қызметкерлері халық қалаулыларын өнімдерді дайындау процесімен таныстырды.

Өз кезегінде мәжілісмендер Марат Бопазов пен Жанат Омарбекова «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС-де болды. Кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігіне қаныққан олар қызметкерлермен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар депутаттар «Бахор» шаруа қожалығында да болды. Қожалық «Ырыс» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы қаржы алып, ауданда ісін дөңгелетіп отырған қожалықтардың бірігейі. Қазіргі таңда өсіріп отырған сиырлары сүт беріп қана қоймай, халықты етпен де қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ, депутаттар осы өңірдегі «Сыпатай» ЖШС-де барды. Серіктестік негізінен 200 га астам жерге балтамыр егумен айналысып, жыл сайын гектарынан 500-600 центнер өнім алып отыр.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі