Астана, 5 сәуір, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты Роман Ким Жамбыл облысындағы сапары барасында Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов пен облыстың этномәдени бірлестіктерінің белсенділерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қазақстанның корейлер ассоциациясымен, Тараз мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС, «Жасұлан-Флора» ЖШС, ТИГУ жөнінде агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты, «Байзақ ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі», «Луговой ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ қызметімен танысты.
Жамбыл облысының отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері: ӨК «Амангельды», ШҚ «Ереке», ШҚ «Совет», ШҚ «Шайқөз», ШҚ «Береке», ӨК «Қасық» және ОҚО «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесу барысында жерді тиімді және ұқыпты пайдалану, субсидиялаудың, несие алу, ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі, АӨК дамуы картасы талқыланды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы іс-шаралар барысында елдегі ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы проблемалық мәселелер көтерілді.
Барлық кездесулер іскерлік және ықпалдастық деңгейде өтті.
(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі