Астана, 5 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Т.Хитуов, И.Унжакова, Г.Шиповских, Б.Хаменова «Жанарыс» ЖШС ұжымымен кездесіп, жұмысымен танысты. Кездесу барысында депутаттар Елбасының бес əлеуметтік бастамасын түсіндіріп, ұжым мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
1989 жылы негізі қаланған Жаңаөзен тігін фабрикасы, 1996 жылы ЖШС «Жанарыс» болып қайта құрылып, бүгінгі таңда 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Фабрика Маңғыстау облысында, жеңіл өнеркәсіп саласында ең ірі өндіріс болып табылады. ЖШС «Жанарыс» тігін фабрикасы негізгі өнімдері – мұнайшыларға , құрылысшыларға, коммуналды және медицина қызмет көрсетушілерге жалпы жаппай қызмет көрсету аясының жұмысшыларын арнайы жұмыс киімімен камтамасыз етеді. Фабрика Жапониялық «Брайзер», «Джуки», Германдық «Текстима», «Дюркооп-Адлер», Ресейлік «Орша» зауыттарының жоғары жылдамдықты техникаларымен жабдықталған. Фабрика маңызды өндірістік объектілерден: эксперименталды цех, тігін цехы және дайындау-қию цехынан тұрады.
2014 жылы Жетібай селосынан жұмыссыздықты жою үшін 200 жұмыс орындық тігін және кір жуу цехы жұмысқа қосылды.
Өнім көлемінің өсуіне байланысты, жұмысшы санының артуына кеңінен ықпал етіп отырған фабриканың жұмысымен танысқан депутаттар еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып отырған кәсіпкерлер жұмысына табыс тіледі.
(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі