Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
05.04.2018

Мәжіліс депутаты Астанада студент жастармен кездесті


Астана, 5 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесті.

Кездесу Президенттің әлеуметтік бастамаларын талқылауға арналды. Іс-шарада «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы үшінші бастамаға ерекше назар аударылды.

Депутат Никитинская бүгінгі таңда жатақхана проблемасы өткір екенін, осыған байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарына жататын жатақханалар салу жұмыстары басталғанын, 2022 жылдың соңына дейін бұл проблеманы толығымен шешу жоспарланып, барлық студенттерге жатақханалар берілетінін айтты.

Университет қызметкерлері атап өткендей, студенттерге тұрғын үйді беру мәселесі оқу орны үшін де маңызды. Мәселен, 2017 жылға жоспар бойынша университетте өз есебінен 680 орындық жатақхана салу жоспарланған.

Өз кезегінде Қазақ техникалық университетінің ректоры студенттерге арналған жатақхана құрылысын 2019 жылдың үшінші тоқсанында салып бітіруді жоспарлап отырғанын айтты.

 Осыған байланысты университеттің басшылығы депутатқа құрылыс нысанының салынуын жеделдетуге жәрдемдесуді сұрады.

Екатерина Никитинская университеттің қызметкерлеріне олардың өтініштері бойынша барынша қолдау көрсетуге ықпал ететінін білдірді.

Кездесу барысында депутат заң шығару жұмысы мен  «Ақ жол» фракциясының қызметі туралы айтып, жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі