Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
06.04.2018

Мәжіліс депутаттары Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерімен кездесті


Астана. 6-сәуір. Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаты – «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Тұрғын Сыздықов Астана қаласында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті ұжымымен кездесті.  

Депутат өрт сөндіру бөлімінің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи техникалық қондырғыларға көңіл бөлді. 

Құрылымның жеке құрамасымен кездесу барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамалары әңгімеге арқау болды.

Сонымен қатар, техникалық жарақтандыру мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсару тақырыбы да назардан тыс қалмады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі )             

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі