Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.04.2018

Мәжіліс Бюросы Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіндегі мәселелерін нақтылады


Астана, 9 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Бюро отырысы өтті.  

Онда жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына  «Валюталық реттеу және валюталық бақылау  туралы» Заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда енгізу қарастырылды. Құжат Қазақстанның валюталық заңнамасын әлемдік тәжірибені ескере отырып интеграциялық процестерді дамытуға бейімдеуге негізделген.

Сондай-ақ, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруға бағытталған «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын жұмысқа алу көзделген.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары  осы қоғамдастыққа мүше екінші  мемлекеттің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы және Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың  алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялау туралы Заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдері белгіленбек.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі