Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
09.04.2018

Мәжіліс 2018-2020 жылдарға арналған бюджетке түзетулер енгізуді қарастырады


Астана, 9 сәуір, Мәжіліс үйі. 10 сәуір, сейсенбі күні, Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылады (сағат 16-30, конференц-зал, 2-қабат).

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы шеңберінде ұйымдастырылатын  таныстырылымда Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасайды деп күтілуде.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобына Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова жетекшілік етеді.

 

(74-63-01, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі