Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения
10.04.2018

Мәжіліс депутаттары Әзірбайжан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі байқаушылар миссияларына қатысуда


Астана, 10 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің бірқатар депутаттары Баку қаласында іс-сапарда жүр.

Халық қалаулылары 10-11 сәуірде Әзірбайжан Республикасы  Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу барысына арналған байқаушылар миссияларына қатысуда.

ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің бақылаушылар миссиясы құрамына қатысушы  Мәжіліс депутаты Д.Н. Нұрманбетованың сапары аясында Милли Меджлис басшылығының өкілдерімен, Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен және Әзірбайжан Республикасы Президентінің лауазымына үміткерлер штабының өкілдерімен, сондай-ақ сайлау учаскелеріне баруы жоспарланған.

Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) бақылаушылар құрамындағы Мәжіліс депутаты Б.С. Оспановтың бағдарламасында сайлау учаскелеріне барумен қатар Милли Меджлисінің Төрағасы О.Асадовпен, Сыртқы істер министрі Е.Мамедьяровпен және Орталық сайлау комиссиясының Төрағасымен кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар, осы күндері Әзербайжан Республикасында Президенттің кезектен тыс сайлауындағы сайлау учаскелерінде халықаралық бақылаушылардың құрамында Мәжіліс депутаты М.М. Магеррамов та бар.

 

 (746301,  Мәжілістің Баспасөз қызметі)  

      

  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі